|
|
|
Атырау облысының тұрғындары арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі карантиндік шараларды күшейту туралы (2021.04.07. берілген өзгерістермен)
Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 15 шілдедегі № 15 Қаулысымен күші жойылды
Халық арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясы таралуының алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 9, 36, 102, 104 және 107-баптарына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-293/2020 «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидалары мен пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішіндегі карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» бұйрығына, «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысына, «Шектеу карантиндік шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 68 қаулысына, «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 17 қаулысына және Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 3 маусымдағы № 26 «Кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» жобасын енгізу туралы» қаулысына сәйкес, тұрғындар арасында коронавирустық инфекцияның тіркелуін ескере отырып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Атырау облысының аумағында эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін шаруашылық және (немесе) өзге де қызметпен және халықтың тыныс-тіршілігінің ерекше жағдайларымен шектеу шаралары енгізілсін. Шектеу іс-шараларының режимі мен мерзімдері облыс аумағында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін. 2. Жылыой ауданының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 28 мамырдағы №45 қаулысына сәйкес Теңіз кен орнында карантиндік және шектеу шаралары эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін ұзартылсын. 3. Вахталық әдіспен жұмыс жасайтын барлық компаниялар мен өнеркәсіптік кәсіпорындар қамтамасыз етсін: 3.1. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қолданыстағы «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67, № 68 қаулыларының талаптарына сәйкес шектеу және карантиндік шараларды қатаң түрде жүзеге асыру; 3.2. «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 17 қаулысына сәйкес шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде вахталық әдіспен жұмыс істейтін кәсіпорын қызметкерлерінің шығуына (кіруіне) қойылатын талаптарды сақтау. Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде вахталық әдіспен жұмыс істейтін кәсіпорындарындағы жұмысшылар COVID-19-ға қарсы екпенің толық курсын (вакцинацияның толық курсынан кейін 14 күн өткен соң) алғаны туралы құжаты болғанда жұмысқа кірісер алдында және вахталық жұмысы аяқталғаннан кейін COVID-19-ға ПТР әдісімен тексерілмейді және оқшаулануды қажет етпейді. Екпе алмаған, COVID-19-ға ПТР тестілеудің теріс мәнді нәтижесі бар жұмысшылар 7 күн оқшаулауға жатады. COVID-19-бен сырқаттанған науқаспен қарым-қатынаста болған (жақын қарым-қатынаста) адамдар егер де коронавирустық жұқпаға қарсы екпенің толық курсын (вакцинацияның толық курсынан кейін 14 күн өткен соң) алғанын растайтын құжаты болған жағдайда аурудың клиникалық белгілері болмаса ПТР әдісімен тексерілмейді және оқшауланбайды. Екпе алмаған, жақын қарым-қатынаста болған, COVID-19-ға ПТР тестілеудің теріс мәнді нәтижесі бар адамдар 14 күн оқшаулауға жатады. 3.3. Вахтаға кірер алдында жұмысшыларды орналастыру үшін ұйымдастырылған карантиндік орындарды «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысының № 25 қосымшасының талаптарына аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларымен міндетті түрде келісе отырып сәйкестендіру. 4. Атырау облысының тұрғындарына: - респираторлық инфекцияның алғашқы белгілері пайда болған кезде (құрғақ жөтел, қызба, тыныс алудың қиындауы, ентігу және т.б.) медициналық ұйымдарға бармай, жедел медициналық көмектің 103 нөміріне қоңырау шалу арқылы үйден дереу медициналық көмекке жүгіну; - қоғамдық тамақтану орындарында тамақтану кезінде әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып және 5 (бес) жасқа дейінгі балаларды коспағанда, қоғамдық орындарда, тұрғындардың баруына және демалуына, қызмет көрсетуге арналған орындарда, қоғамдық көліктерде медициналық немесе мата бетперделерді кию міндетті; - 65 жастан асқан адамдарға азық-түлік, дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды, қажетті тауарларды сатып алуды, сондай-ақ медициналық мекемелерге баруды қоспағанда аса қажеттілік болмаса тұрғылықты жерінен шықпауға ұсыныс беріледі; - барлық облыс тұрғындарына халық көп шоғырланатын жерлерге бармауға, әлеуметтік арақашықтықты сақтауға, бетперде кию тәртібін және жеке бас гигиенасын сақтауға ұсыныс беріледі; - бір отбасы мүшелерін қоспағанда, облыс халқы демалатын алаңдарда, скверлерде, жағалауларда, парктерде және өзге де демалатын орындарда 3 адамнан артық топталып жиналуға тыйым салынсын; - көпшілік іс шараларды (мерекелік, ойын-сауық, көпшілік мәдени, көрмелерді, корпоративті, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т. б.), оның ішінде үйде және жаппай адамдар жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге; - «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін қоспағанда ойын-сауық объектілерінің, банкет залдарының, жабық үй-жайдағы, соның ішінде қоғамдық тамақтану объектілеріндегі балалар ойын-сауық орталықтары мен аттракциондардың, ойын алаңдарының (ауладағыларды қоспағанда), түнгі клубтардың, караоке, компьютерлік және ойын клубтарының, кальян, бильярд, боулингтердің, букмекерлік кеңселердің, мерекелерді ұйымдастыру бойынша қызмет көрсетудің қызметіне; - «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін қоспағанда мәдени объектілердің, жеке, топтық дайындықтарды қоса алғанда кинотеатрлардың, театрлардың, концерт залдарының, филармониялардың қызметіне; - «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін қоспағанда көрермендері бар спорттық іс-шараларды өткізуге; Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021.04.07. № 14 Қаулысымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 6. «Әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін жұмыс уақыты мен режимі бойынша шектеу: - мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдары қызметкерлерінің кемінде 80%-ын «қашықтықтан» жұмыс нысанына ауыстыруды қашықтықтан және күндізгі жұмыс форматында жұмыс жасау үшін ұйымдар, офистер қызметкерлерін COVID-19-ға қарсы вакцинациялау жүргізілген жағдайда егілмеген қызметкерлер арасынан пайыздық арақатынасын ескеріп жүзеге асырады. Бұл ретте тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда, COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған барлық қызметкерлердің күндізгі режимде жұмыс істеуіне жол беріледі; - банктердің, «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінің, халыққа қызмет көрсету орталықтарының (бұдан әрі - ХҚКО), оның ішінде мамандандырылған ХҚКО-лардың жұмысын жұмыс күндері 9.00-ден 18.00-ге дейін, сенбі күні 13:00 сағатқа дейін ұйымдастыру және жексенбі күні жұмыс жасауға тыйым салу. Карантин шараларын сақтау үшін ХҚКО-ға және мамандандырылған ХҚКО-ға алдын ала Egov.kz, «EgovKZBot 2.0» телеграмм-ботпен брондау арқылы бару ұсынылады; - меншік түріне қарамастан мектепке дейінгі балалар ұйымдарының кезекші топтарының жұмысын әрбір топта 15 баладан аспайтын, жаңа кезекші топтар ашуға тыйым салумен, санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық карантин шараларын қатаң сақтаумен және сенбі және жексенбі күндері жұмысқа тыйым салумен ұйымдастыру; - сауда үйлері мен сауда-ойын сауық орталықтарына (павильондар, бутиктер), сауда желілеріне сағат 10.00-ден 19.00-ге дейін (толтырылуы объект сыйымдылығының 30%-нан асырмай, 1 келушіге 4 шаршы метрден кем емес) тек қана жұмыс күндері жұмыс істеуіне рұқсат етіледі, олардың ішінде орналасқан азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды, COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинациялауға арналған пункттерді қоспағанда сенбі және жексенбі күндері жұмыс жасауына тыйым салынады. Бұл ретте оларда орналасқан аттракциондардың, ойын алаңдарының, ойын орталықтарының, қоғамдық тамақтандыру объектілерінің жұмысына тыйым салынады. «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер үшін жұмыс режимі сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін; - қоғамдық тамақтану объектілеріне, оның ішінде жазғы алаңдарға, жұмыс күндері сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі мен жексенбі күндері жұмысқа тыйым салумен (ұжымдық іс-шаралар өткізбей, 30-дан аспайтын отырғызу орындарын орнатумен, үстелдер арасындағы қашықтық кемінде 2 метр сақталуын қамтамасыз етумен, бір үстелге отырғызу бір отбасының мүшелерін қоспағанда 4 адамнан аспауы тиіс). «Ashyq» жобасына қатысатын қоғамдық тамақтану объектілері, оның ішінде банкет залдары (мейрамханалар мен дәмханалар типі бойынша қызмет көрсету) үшін үй-жай ішінде және ашық ауада жұмыс режимі жұмыс және демалыс күндері сағат 07:00-ден 22:00-ге дейін (ұжымдық іс-шаралар өткізбей, 30-дан аспайтын отыратын орын орната отырып, үстелдер арасындағы қашықтықтың кемінде 2 метр сақталуын қамтамасыз ете отырып, бір үстелге отырғызу бір отбасының мүшелерін қоспағанда 4 адамнан аспауы тиіс); - сұлулық салондары, шаштараздар, косметологиялық қызмет көрсететін объектілер алдын ала жазылу бойынша (объектінің толтырылуы 1 келушіге кемінде 4 шаршы метр есебімен) жұмыс күндері сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін, «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда сенбі және жексенбі күндері жұмыс жасауға тыйым салумен; - спорт кешендері, фитнес-орталықтар, фитнес-клубтар, йога орталықтары, спорттық-сауықтыру объектілері (оларда орналастырылған бассейндер, сауналар, СПА, массаж, пилинг) толтырылуы объект сыйымдылығының 50%-нан аспайтын, бір келушіге кемінде 5 ш.метр есебімен жұмыс күндері сағат 07:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс режимін белгілей отырып, сенбі және жексенбі күндері жұмысқа тыйым салынсын. «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер үшін толтырылуын объект сыйымдылығының 50%-нан асырмай, сағат 07:00-ден 24:00-ге дейін жұмыс режимімен; - сауналар, СПА-орталықтар, бассейндер - алдын ала жазылу бойынша, толтырылуын объект сыйымдылығының 50%-нан асырмай, бір келушіге су айнасының кемінде 5 шаршы метрі есебімен, жұмыс күндері сағат 07:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс режимін белгілей отырып, сенбі және жексенбі күндері жұмысқа тыйым салынсын. «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер үшін, толтырылуы объект сыйымдылығының 50%-нан асырмай, жұмыс режимі сағат 07:00-ден 24:00-ге дейін; 7. Медициналық ұйымдарда, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарында, мүгедек балаларға арналған интернат типіндегі оқу орындарында санитариялық-дезинфекциялық режим сақталсын. Әлеуетті ата-аналар берілген күнінен бастап 3 тәуліктен аспаған, теріс нәтижесі бар ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексерілгені туралы құжатты немесе COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжатты ұсынған кезде жетім балаларды одан әрі асырап алу, қорғаншылықты, қамқоршылықты белгілеу үшін олармен кездесуге сәбилер үйлері мен балалар үйлеріне баруға рұқсат етіледі. Берілген күнінен бастап 3 тәуліктен аспаған, теріс нәтижесі бар ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексерілгені туралы құжатты немесе COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжатты ұсынған кезде ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының медициналық-әлеуметтік объектілерге баруына рұқсат етіледі. 8. Қоғамдық көліктің жұмыс режимін сағат 06.00-ден 23.00-ге дейін, қарбалас сағаттарда қоғамдық көлік желіде максималды шығуымен, барлық есіктерін ашуымен белгілеу. Соңғы аялдамаларда қоғамдық автокөліктерге күнделікті дезинфекция жүргізуді қамтамасыз ету. Қоғамдық көліктің толтырылуы қатаң түрде отырғызу орындары бойынша болуы тиіс. Қоғамдық көлік антисептикалық құралдармен қамтамасыз етілуі тиіс, қоғамдық көлікке тек жеке қорғаныш құралдарымен (медициналық бетперделермен) кіруге рұқсат етіледі. 9. Карантиндік және шектеу шараларының сақталуын бақылау бойынша мониторингтік топтардың жұмысын жандандырсын, мониторинг кестесіне сәйкес күнделікті тексеруді және облыс әкімдігі мен санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне ақпарат беруді қамтамасыз етсін; 10. Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қамтамасыз етсін: - «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67, «Шектеу карантиндік шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» №68, «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі №17 қолданыстағы қаулылары талаптарының орындалуын; - облыс бойынша Үйлестіру орталықтарының жұмысын жандандыру, карантиндік шаралардың бұзылуы туралы шұғыл хабарламалардың уақтылы ұсынылуын қамтамасыз етсін; 11. Атырау облысының Полиция департаментіне: - шектеу шараларын сақтау үшін патрульдер ұйымдастырсын, егер жоғарыда көрсетілген талаптардың бұзылуы немесе орындалмауы анықталса, аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларына дереу материалдар жіберу; Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021.04.07. № 14 Қаулысымен 12-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 12. Атырау қаласы және аудандар әкімдері, құқық қорғау және арнайы органдар, «Атамекен» ҰКП АФ, меншік нысанына қарамастан заңды тұлғалар: - Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 1 шілдедегі № 31 «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» қаулысына сәйкес Атырау облысының аумағында COVID-19-ға қарсы вакцинация алмаған адамдарды (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) күндізгі режимде жұмысқа жіберуді шектеу бойынша талаптарды орындауды қамтамасыз етсін. 13. Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 маусымдағы № 11 «Шектеу карантиндік шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» қаулысының күші жойылды деп танылсын. 14. Осы қаулының орындалуын бақылауды Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Г.А.Ирбатыроваға жүктеймін. 15. Осы қаулы 2021 жылғы 28 маусымнан сағат 00:00-ден бастап заңды күшіне енеді.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |