Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әуе-десанттық даярлығы жөніндегі қағидаларды бекіту туралы
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген Ішкі істер министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 143) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әуе-десанттық даярлығы жөніндегі қағидалар бекітілсін. 2. Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығы заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды; 3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі 2023 жылғы 17 сәуірдегі № 300 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әуе-десанттық даярлығы жөніндегі қағидалар
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әуе-десанттық даярлығы жөніндегі қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әуе-десанттық даярлығы тәртібін және парашютпен секіру орындалған нормаларды айқындайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|