ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 25 маусымдағы № 188 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2019.17.05. № 139 бұйрығымен мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 22 cәуірдегі № 146 бұйрығына 2-қосымша
«Тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі археологиялық және (немесе) ғылыми-рестраврациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөнiндегi қызметке лицензия беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты (2019.17.05. берілген өзгерістермен)
1. «Тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөнiндегi қызметке лицензия беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi - мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет). 2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) әзiрледi. 3. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет Министрлiкпен (бұдан әрi - көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетiледi. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру www.e.gov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкiмет» веб-порталдары (бұдан әрi - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) порталға жүгiнген сәттен бастап: тарих және мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөнiндегi қызметке лицензия беру (бұдан әрi - лицензия) - 11 (он бір) жұмыс күнi; қайта ресiмделген лицензияны беру - 3 (үш) жұмыс күнi. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетiлетiн қызметтi алушының құжаттарын алған кезден бастап екі жұмыс күн ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық еместігі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді түрде бас тартады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|