Ақпараттық-коммуникациялық қызметтердің каталогын бекіту туралы (2022.15.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 25 қарашадағы № 463/НҚ бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 24 қарашадағы «Ақпараттандыру туралы» Заңының 7-бабының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Ақпараттық-коммуникациялық қызметтердің каталогы бекітілсін. 2. «Ақпараттық-коммуникациялық қызмет көрсету каталогын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1254 бұйрығының күші жойылсын. 3. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпараттандыру департаменті (Ж.З. Жахметова): 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарына мәлімет үшін жолдауды; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсына және мемлекеттік органдардың интранет-порталына орналастыруды қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін. 5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|