Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерін бейбіт уақытқа тамақтандырудың, азық-түлікпен, азықпен, жабдықпен, асханалық-ас үйлік ыдыспен және азық-түлік қызметінің техникасымен жабдықтауға арналған заттай нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 70-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерін бейбіт уақытқа тамақтандырудың, азық-түлікпен, азықпен, жабдықпен, асханалық-ас үйлік ыдыспен және азық-түлік қызметінің техникасымен жабдықтауға арналған заттай нормалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 23 маусымдағы № 237 «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерін бейбіт уақытқа тамақтандырудың, азық-түлікпен, азықпен, жабдықпен, асханалық-ас үйлік ыдыспен және азық-түлік қызметінің техникасымен жабдықтауға арналған заттай нормаларын бекіту туралы» бұйрығының күші жойылсын. 3. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды; 2) осы бұйрықты қазақ және орыс тілдерінде «Қазақстан Республикасының Заңңама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекекеттік кәсіпорнында ресми жариялауды және Қазақстан Республикасы эталондық бақылау нормативтік-құқықтық актілер банкіне енгізу үшін жолдауды қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|