Ерікті түрде және мәжбүрлеп таратылатын банктердің тарату комиссиясының есептері мен қосымша ақпаратының нысандарын, ұсыну мерзімдерін және кезеңділігін бекіту туралы
Осы редакция 2019 жылғы 2 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Ерікті түрде және мәжбүрлеп таратылатын банктердің (бұдан әрі - таратылатын банк) тарату комиссиялары ұсынатын есептер мен қосымша ақпараттың мынадай нысандары бекітілсін: 1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес таратылатын банктің баланстан тыс шоттары жөніндегі есептің нысаны; 2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес таратылатын банк активтерінің жай-күйі туралы есептің нысаны; 3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес таратылатын банк міндеттемелерінің жай-күйі туралы есептің нысаны; 4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес таратылатын банктің теңгедегі ағымдағы шоты бойынша ақша қозғалысы туралы есептің нысаны; 5) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес таратылатын банктің шетел валютасындағы ағымдағы шоты бойынша ақша қозғалысы туралы есептің нысаны; 6) осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес таратылатын банктің касса бойынша теңгемен ақша қозғалысы туралы есептің нысаны; 7) осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес таратылатын банктің касса бойынша шетел валютасымен ақша қозғалысы туралы есептің нысаны; 8) осы қаулыға 8-қосымшаға сәйкес таратылатын банктің дебиторлық берешегінің жай-күйі туралы есептің нысаны; 9) осы қаулыға 9-қосымшаға сәйкес таратылатын банктің кепіл мүлкін сату туралы есептің нысаны; 10) осы қаулыға 10-қосымшаға сәйкес таратылатын банктің меншікті мүлкінің жай-күйі туралы есептің нысаны; 11) осы қаулыға 11-қосымшаға сәйкес таратылатын банктің тарату комиссиясы жасаған шығыстар туралы есептің нысаны; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|