|
Ауылдық елді мекендерде көрсетілетін, субсидияланатын байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтеріне 2025 жылға арналған өзіндік құн деңгейлерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 20 қазандағы № 215 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14530 болып тіркелген Ауылдық елді мекендерде көрсетілетін, субсидияланатын байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтеріне бағалардың шекті деңгейін реттеу қағидаларының 8-тармағына, сондай-ақ байланыс операторларына ауылдық елді мекендерде көрсетілетін байланыстың әмбебап қызметтерін көрсету бойынша байланыс операторларын таңдау жөніндегі конкурстың 2024 жылға арналған қорытындылары туралы 2025 жылғы 8 қаңтардағы № 2 хатамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН: 1. Мынадай: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес телекоммуникациялар секторында; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес пошта байланысы секторында бекітілген ауылдық елді мекендерде көрсетілетін, субсидияланатын байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтеріне 2025 жылға арналған өзіндік құн деңгейлері бекітілсін. 2. «Ауылдық елді мекендерде көрсетілетін, субсидияланатын байланыстың әмбебап қызметтеріне 2024 жылға арналған өзіндік құн деңгейлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 4 қазандағы № 632/НҚ бұйрығы жойылсын. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі А.Е. Оразбекке жүктелсін. 4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған заңнамалық қатынастарға қолданылады.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|