«Біліктілік емтиханын өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің-Орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 28 сәуірдегі № 191 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
«Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 7 наурыздағы Заңының 12-бабы 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. «Біліктілік емтиханын өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 28 сәуірдегі № 191 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9479 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 2 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: аталған Бұйрықпен бекітілген Біліктілік емтиханын өткізу қағидаларында: 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Уақытша әкімші, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылар қызметін жүзеге асыруға үміткер (бұдан әрі - үміткер) тұлға Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі - Комитеті) арқылы біліктілік емтиханды тапсыру туралы жазбаша өтінішті (бұдан әрі - өтініш), біліктілік емтиханды өткізу комиссиясына (бұдан әрі - Комиссия) еркін түрде, біліктілік емтиханын тапсыру тілін (қазақ немесе орыс) көрсете отырып, мынадай құжаттармен қоса жібереді: 1) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; 2) жоғары заң немесе экономикалық білім туралы диплом көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы табыс етілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған көшірмесі); 3) экономикалық, қаржы немесе заң саласындағы қызметте кемінде үш жыл жұмыс өтілін растайтын құжаттардың көшірмелері (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы табыс етілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған көшірмесі).». мынадай мазмұндағы 3-1 тармақпен толықтырылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|