Ақтөбе облысы Алға аудандық әкімдігінің 2019 жылғы 8 сәуірдегі № 130 «Алға ауданы бойынша салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Ақтөбе облысы Алға аудандық әкімдігінің 2019 жылғы 8 сәуірдегі № 130 «Алға ауданы бойынша салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6092 тіркелген) қаулысына келесідей өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. «Ақтөбе облысы Алға аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте: 1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы қаулыны оның ресми жариялағанынан кейін Ақтөбе облысы Алға ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы Алға ауданы әкімінің орынбасары Г.Ж. Ахметоваға жүктелсін. 4. Осы қаулы 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
2021 жылғы 24 қарашадағы № 544 қаулысына қосымша Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|