Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 17/1 «2018-2020 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысының облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 8-бабы 2-тармағына, 106, 108 және 111-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 17/1 «2018-2020 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысының облыстық бюджеті туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4462 болып тіркелген, 2018 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) мына өзгерістер енгізілсін: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. 2018-2020 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысының облыстық бюджеті осы шешімге тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2018 жылға мына көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер - 149 473 226,6 мың теңге: салықтық түсімдер - 15 233 282,1 мың теңге; салықтық емес түсімдер - 976 922,3 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 4 647,1 мың тенге; трансферттер түсімі - 133 258 375,1 мың теңге; 2) шығындар - 148 262 980 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу - 6 306 559 мың теңге: бюджеттік кредиттер - 10 223 028 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу - 3 916 469 мың теңге; 4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 1 890 000 мың теңге: қаржы активтерін сатып алу - 1 890 000 мың теңге; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге; 5) бюджет тапшылығы (профициті) - -6 986 312,4 мың теңге; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|