«Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрінің 2018 жылғы 15 тамыздағы № 19 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрінің 2018 жылғы 15 тамыздағы № 19 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17314 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-1-бабының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс стандартында: 1-тармақ келесі редакцияда жазылсын: «1. Осы Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс стандарты (бұдан әрі – Стандарт) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 4-1-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленген және үкіметтік емес ұйымдар көрсететін қызметтердің сапасына, шарттарына, мазмұнына қойылатын талаптарды, сондай-ақ олардың сапасын бағалау өлшемшарттарын белгілейді.»; 7-тармақ келесі редакцияда жазылсын: «7. Өнім беруші «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 4) тармақшасына және 9-бабына сәйкес қызметті жүзеге асырудағы мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаражатты пайдалануға қатысты ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етеді.». 2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|