Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды кәсіптік құзыреттілігіне аттестаттауды жүргізудің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 7 маусымдағы № 430 бұйрығы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 26-бабының 3,6-тармақтарына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 14 қазандағы № ҚР-ДСМ-130/2020 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды кәсіптік құзыреттілігіне аттестаттауды жүргізу қағидаларының 3, 7, 8, 11-тармақтарына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21444 болып тіркелген) БҰЙЫРАМЫН: 1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының басшыларының және олардың орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшыларының және олардың орынбасарларының 2022 жылғы 8-15 шілде аралығы кезеңінде кәсіптік құзыреттілігіне аттестаттау жүргізілсін. 2. Мыналар: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес құрамда облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының басшыларының және олардың орынбасарларының, уәкілетті органға ведомстволық бағынысты денсаулық сақтау ұйымдары басшыларының және олардың орынбасарларының кәсіптік құзыреттілігіне аттестаттауды жүргізу жөніндегі аттестаттау комиссиясы; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес аттестатталатын тұлғалардың тізімі; 3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік құзыреттілігіне аттестаттау жүргізу кестесі бекітілсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Ж.Қ. Бүркітбаевқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|