Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы 28 ақпандағы № 24 қаулысымен бекітілген
Жамбыл облысы әкімдігінің 2022 жылғы 23 мамырдағы № 112 Қаулысымен күші жойылды
«Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (2019.11.06. берілген өзгерістермен)
1. «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу жөніндегі қызметпен айналысуға лицензия беру бөлімі бойынша (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 7-1/418 «Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11959 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - стандарт) сәйкес «Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі -қызметті беруші) көрсетеді. 2. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру: 1) қызметті берушінің кеңсесі; 2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде. Жамбыл облысы әкімдігінің 2019.11.06. № 135 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын беру стандартының 10-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрде. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|