Республикалық орта білім беру ұйымдарының білім алушыларын қорытынды аттестаттау жөніндегі емтихан комиссиясын құру туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидаларының 75 және 79-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес құрамда Республикалық орта білім беру ұйымдарының білім алушыларын қорытынды аттестаттау жөніндегі емтихан комиссиясының (бұдан әрі - Комиссия) құрамы бекітілсін. 2. Комиссия: 1) республикалық орта білім беру ұйымдарының білім алушылары, ата-аналары мен педагогтері арасында 2022 жылғы 25 мамырға дейін 2021-2022 оқу жылындағы қорытынды аттестаттауды өткізу мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізсін; 2) республикалық орта білім беру ұйымдарының білім алушыларына 2021-2022 оқу жылында қорытынды аттестаттауды өткізу бойынша жұмыстарды ұйымдастырсын; 3) республикалық мектептердің жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестаттарын алуға үміткерлердің жазбаша емтихан жұмыстарын қарасын; 4) аппеляцияға түскен жағдайда өтініштердің негізділігін қарауды ұйымдастырсын және қорытынды шешім қабылдасын. 3. Республикалық білім беру ұйымдарының директорлары (келісім бойынша) 2022 жылғы 3 маусымға дейінгі мерзімде жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестатын алуға үміткерлердің жазбаша емтихан жұмыстарын ұсынсын. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым бірінші вице-министрі Ш.Т. Кариноваға жүктелсін. 5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 17 ақпандағы Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|