Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 13 тамыздағы № 345 бұйрығына 1-қосымша
ҚР Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 22 мамырдағы № 138 бұйрығымен күші жойылды
Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды даярлық сыныптарында тәрбиелеу-білім беру процесін іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар
1 тарау. Жалпы ережелер
1. Осы әдістемелік ұсынымдар: - «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына; - Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына; - «Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 137 бұйрығына; - «Адамға әсер ететін физикалық факторлар (компьютерлер мен бейнетерминалдар) көздерімен жұмыс істеу жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 38 бұйрығына; - 2020-2021 оқу жылында коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуы жағдайында білім беру ұйымдарының тәртібіне, мазмұнына және жұмысын қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес әзірленді. 2. Мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиелеу - білім беру процесін ұйымдастыру санитариялық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты анықталады: 1) Қашық форматта; 2) Білім беру платформалары мен электрондық ресурстарға қойылатын талаптар; 3) Карантин кезеңінде кезекші топтарда тәрбиелеу - білім беру процесін ұйымдастыру; 4) Санитариялық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып, толық штаттық форматта мектепке дейінгі ұйымдардың жұмысын қайта бастау.
2-тарау. Оқу процесін қашық форматта ұйымдастыру тәртібі
3. Қашықтан оқыту режимінде тәрбиелеу - білім беру процесі кіріктірілген нысанда өтеді, мектепалды топтары мен сыныптарда негізгі бөлімдер бойынша ұйымдастырылған оқу қызметтері өткізіледі (математика және сауат ашу негіздері). Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|