Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар күзететін Қазақстан Республикасының объектілерін қоспағанда, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жағдайына және олардың басшыларының Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында көзделген талаптарды сақтауына бақылау саласындағы тексеру парағын бекіту туралы (2018.24.10. берілген өзгерістермен)
ҚР Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 29 шілдедегі № 540 бұйрығымен күші жойылды
«Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Заңының 23-2-бабының 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері және әскери құралымдары, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар күзететін Қазақстан Республикасының объектілерін қоспағанда, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жағдайына және олардың басшыларының Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында көзделген талаптарды сақтауына бақылау саласындағы тексеру парағы қосымшаға сәйкес бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Криминалдық полиция департаменті (А.Х.Баймурзин): 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау үшін осы бұйрықты жолдауды; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми сайтында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының ішкі істер департаменттерінің бастықтары осы бұйрықтың талаптарын зерделеуді және орындауды ұйымдастырсын. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары М.Ғ. Демеуовке жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|