«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Өтініштер және іс жүргізу басқармасы туралы ережені бекіту жөніндегі» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 20 ақпандағы № 24 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
«Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Өтініштер және іс жүргізу басқармасы туралы ережені бекіту жөніндегі» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 20 ақпандағы № 24 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Өтініштер және іс жүргізу басқармасы туралы ережеде: 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Басқарма өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Прокуратура туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, өзге де құқықтық актілерді, оның ішінде Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының құқықтық актілерін және осы Ережені басшылыққа алады.»; 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Басқарманың құрылымына: 1) Өтініштер және талдау тобы; 2) Іс жүргізу секторы; 3) Мемлекеттік тілді дамыту тобы кіреді.»; 5-міндет мынадай редакцияда жазылсын: «5-міндет: прокуратура органдарында мемлекеттік тілді дамыту және «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының сақталуын бақылау;»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|