Есептік ақпараты тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде қайта тексеруге жататын мемлекеттік органдарды айқындау әдістемесін бекіту туралы (2023.27.05. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығымен бекітілген Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесінің 43-тармағына сәйкес Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі - Есеп комитеті) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Есептік ақпараты тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде қайта тексеруге жататын мемлекеттік органдарды айқындау әдістемесі бекітілсін. 2. Есеп комитетінің Заң бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы нормативтік қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы нормативтік қаулының Есеп комитетінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы нормативтік қаулының орындалуын бақылау Есеп комитетінің аппарат басшысына жүктелсін. 4. Осы нормативтік қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 2023.28.04. № 13-НҚ және ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2023.03.05. № 31 бірлескен нормативтік қаулысы мен бұйрығымен әдістеме жаңа редакцияда (2023 ж. 27 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2020 жылғы 11 наурыздағы № 3-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген
Есептік ақпараты тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде қайта тексеруге жататын мемлекеттік органдарды айқындау әдістемесі
1-тарау. Негізгі ережелер
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|