|
|
|
18.11.2024 Істерді мұрағатқа тапсырудың тәртібі
«Сот іс қағаздарын жүргізу» дерекқорында тұрған электрондық құжаттарды қоспағанда, сот істерін сақтау, құжаттандыру және оларды мұрағатқа беру тәртібі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, жергілікті және басқа да соттардың, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) және Соттар әкімшілерінің құжаттарын қалыптастыру, іріктеу, есепке алу, уақытша сақтау және мемлекеттік мұрағат мекемелеріне тұрақты сақтауға тапсыру тәртібі туралы ережелері мен сот мұрағаты туралы үлгі ережеге сәйкес жүзеге асырылады. Мұрағаттағы сот істері, материалдар және басқа құжаттар жылы бойынша АЖ дерекқоры нөміріндегі тәртіппен сақталады. Аудандық сот төрағасы ауысқан кезде істерді қабылдау және беру сот әкімшісі өкілінің қатысуымен жүргізіледі. Істерді қабылдау және өткізу актімен рәсімделеді, онда: 1) ic қағаздарын жүргізудің, есепке алудың, есептіліктің және сот мұрағатының жалпы жағдайы; 2) сотта жүргізілетін карточкалардың, журналдардың, кітаптардың, нарядтардың атаулары; 3) әр карточкадағы, журналдағы, кітаптағы, нарядтағы нөмірленген беттердің саны; 4) орындалмаған құжаттар және қаралмаған істер; 5) сот мұрағатындағы құжаттар, мұрағаттағы қылмыстық және азаматтық істердің саны; 6) заттай дәлелдемелерді есепке алу кітабындағы жазбаның барлығымен нақты сәйкес келуі көрсетіледі. Қабылдау - өткізу актісі екі данадан жасалып, қабылдап алу-өткізіп беруге қатысқан адамдардың қолдары қойылады. Актінің бірінші данасы мұрағатқа тапсырылады, екінші данасы Соттар әкімшісіне тапсырылады.
Қарағанды облысының МАЭС бас маман- сот отырысының хатшысы А.Т. Кабишева
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |