Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісім (әлеуметтік медициналық сақтандыру жобасы) шеңберінде медициналық техниканы сатып алу үшін техникалық ерекшеліктерді әзірлеу жөніндегі сараптама топтарының құрамын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 121) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының Министрі, бірінші вице-министрі және денсаулық сақтау вице-министрлері арасында міндеттерді бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 625 бұйрығына және Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2021 жылғы 5 тамыздағы № 21-05/ хаттамалық тапсырмасының 8-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Бекітілсін: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісім (әлеуметтік медициналық сақтандыру жобасы) шеңберінде реанимация, Анестезиология (наркозды-тыныс алу аппараты, монитор) бойынша медициналық техниканы сатып алу үшін техникалық ерекшеліктерді әзірлеу жөніндегі сараптама тобының құрамы; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісім (әлеуметтік медициналық сақтандыру жобасы) шеңберінде медициналық техниканы (Тоңазытқыш жабдығын) сатып алу үшін техникалық ерекшелікті әзірлеу жөніндегі сараптама тобының құрамы. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрі-дәрмек саясаты департаменті: 1) сараптама топтарын осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген техникалық ерекшеліктерді әзірлеу үшін қажетті материалдармен қамтамасыз етуге міндетті; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
от 7 000 тг в месяц
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|