Төтенше жағдайлар бойынша автоматтандырылған ақпараттық-басқару жүйесінің міндеттерін сүйемелдеудің кейбір мәселелері туралы
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың анықталған өршу үрдістері туралы жедел ақпаратты уақтылы жинауды және өңдеуді, жинақталған шолу-аналитикалық ақпаратты қалыптастыруды қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Төтенше жағдайлар бойынша автоматтандырылған ақпараттық-басқару жүйесі (бұдан әрі - ТЖ ААБЖ) міндеттерінің тізбесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі (бұдан әрі - ТЖМ) аумақтық бөлімшелерінің және ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшылары ТЖ ААБЖ автоматтандырылған жұмыс орны бойынша сүйемелдеу міндеттерін функционалдық міндеттерінде (лауазымдық нұсқаулықтарында) көрсете отырып, жауапты қызметкерлерді анықтасын. 3. Облыстар, астана, республикалық маңызы бар қалалар Төтенше жағдайлар департаменттерінің Ақпараттық-аналитикалық бөлімшелері тұрақты негізде келіп түсетін жедел мәлімдемелерге бақылауды жүзеге асырсын, ТЖМ Стратегиялық жоспарлау және ақпараттық-аналитикалық жұмыс департаменті Ақпараттық-аналитикалық басқармасымен төтенше жағдайлар фактілері және ТЖМ жедел ден қою күштерінің құтқару операциялары бойынша түзету мен салыстыру жүргізсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|