«Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2017 жылғы 28 желтоқсандағы № А-1/610 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Ақмола облысы әкімдігінің 2020 жылғы 5 ақпандағы № А-2/48 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңдарына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Ақмола облысы әкімдігінің «Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» 2017 жылғы 28 желтоқсандағы № А-1/610 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6360 болып тіркелген, 2018 жылғы 1 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген «Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» деген мәртебе беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын; көрсетілген қаулымен бекітілген «Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғын үй беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын. 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары А.Е. Мысырәлімоваға жүктелсін. 3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
2019 жылғы 16 шілдедегі № А-7/326 қаулысына 1-қосымша
Ақмола облысы әкімдігінің 2017 жылғы 28 желтоқсандағы № А-1/610 қаулысымен бекітілген
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|