Республикалық орта білім беру ұйымдарының 9 және 11 сынып білім алушыларын 2023 жылғы қорытынды аттестаттаудан босату туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 19 мамырдағы № 137 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі қағидаларының 50-тармағына сәйкес, республикалық білім беру ұйымдары ұсынған құжаттар негізінде БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес республикалық орта білім беру ұйымдарының 9 және 11 сынып білім алушылары негізгі орта және жалпы орта білім беру курсы үшін 2023 жылғы қорытынды аттестаттаудан босатылсын. 2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті (С.Р. Умербекова) осы бұйрықты республикалық орта білім беру ұйымдарының назарына жеткізсін. 3. «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, «Республикалық физика-математика мектебі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, «Абай атындағы Республикалық мамандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернат» мемлекеттік мекемесі, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне бағынысты орта білім беру ұйымдарының (келісім бойынша) басшылары білім алушылардың жылдық бағалары негізінде білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжатты берсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін. 5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 19 мамырдағы № 137 бұйрығына қосымша
Негізгі орта және жалпы орта білім беру курсы үшін 2023 жылғы Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|