|
Павлодар облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 бұйрығымен бекітілген қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың үлгілік қағидаларына сәйкес, Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Қоса беріліп отырған Павлодар облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың қағидалары бекітілсін. 2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылсын. 3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Павлодар облыстық мәслихатының 2024 жылғы 11 шілдедегі № 134/14 шешімімен бекітілді
Павлодар облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Павлодар облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 бұйрығымен бекітілген Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың үлгілік қағидаларына сәйкес әзірленді және құқықтық мәртебесі мен шаруашылық қызмет нысанына қарамастан барлық заңды тұлғалар, жеке тұлғалар, сондай-ақ аула мен қоғамдық аумақтарды абаттандыруға жауапты лауазымды тұлғалар үшін елді мекендердің аумағын абаттандыру тәртібін айқындайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|