|
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 163 бұйрығына 13-қосымша
Кәсіптік стандарт: «Құрылыс саласындағы жұмысшылар»
1. Кәсіптік стандарттың қолданылу аясы: «Құрылыс саласындағы жұмысшылар» кәсіптік стандарты «Кәсіптік біліктілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес әзірленіп, білім беру бағдарламаларын қалыптастыруға, оның ішінде кәсіпорындарда персоналды оқытуға, білім беру ұйымдары қызметкерлері мен түлектерінің кәсіптік біліктілігін тануға және құрылыс саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар мен кәсіпорындарда персоналды басқарудағы кең ауқымды міндеттердің шешімдеріне қойылатын талаптарды белгілейді. 2. Осы кәсіптік стандартта мынадай терминдер, анықтамалар мен қысқартулар қолданылады: 1) Бетон - тұтқыр заттан (мысалы, цемент), ірі және ұсақ толтырғыштардан, судан тұратын ұтымды таңдалған және тығыздалған қоспаны қалыптастыру және қатайту нәтижесінде алынған жасанды тас құрылыс материалы. Кейбір жағдайларда оның құрамында арнайы қоспалар болуы мүмкін, сонымен қатар құрамында су жоқ (мысалы, асфальтбетон). 2) Ғимарат - табиғи немесе жасанды кеңiстiк шекаралары бар және өндiрiстiк процестердi орындауға, материалдық құндылықтарды орналастыруға және сақтауға немесе адамдарды, жүктердi уақытша орналастыруға (орын ауыстыруға), сондай-ақ жабдықтарды немесе коммуникацияларды орналастыруға (төсеуге, жүргiзуге) арналған жасанды жасалған ауқымды, тегiстiктi немесе желiлiк объект (жер үстi, су бетi және (немесе) жер асты, су асты). Ғимарат көркемдiк-эстетикалық, әшекей-қолданбалы не мемориалдық мақсатта да болуы мүмкiн. 3) Құрылыс - қандай да бір заттың, машинаның, аспаптың, құрылыстың және т. б. бөліктерінің құрылымы, құрылымы, өзара орналасуы. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|