«Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметін проактивті сырттай көрсетудің пилоттық жобасын іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 25 маусымдағы № 304, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 14 маусымдағы № 204, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2021 жылғы 29 маусымдағы № 227-НҚ және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 30 маусымдағы № 384 бірлескен бұйрығы (2023.11.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ: 1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес пилоттық жобаны іске қосу мерзіміне сәйкес «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметін проактивті сырттай көрсетудің пилоттық жобасы іске қосылсын. 2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметін проактивті сырттай көрсету кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл алгоритмі бекітілсін. 3. Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, Алматы қаласы және Түркістан облысының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармалары, облыстардың және Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармалары (бұдан әрі - Денсаулық сақтау басқармалары) осы бұйрық күшіне енген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне: осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Пилоттық жобаға қатысатын медициналық ұйымдардың тізбесін; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|