|
|
|
Солтүстік Қазақстан облысының аумағында «Ashyq» жобасын іске асыру туралы
Солтүстік Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 16 наурыздағы № 7 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының тұрғындары арасында COVID-19 (бұдан әрі - COVID-19) коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 104-бабы 1-тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жанындағы коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі өңірлік комиссия отырысының 2022 жылғы 24 ақпандағы хаттамасын, «Ashyq» жобасын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 18 ақпандағы № 10 қаулысын басшылыққа ала отырып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Объектілерінде «Ashyq» жобасын іске асыруды және енгізуді жалғастыру: 1) йога орталықтарын қоса алғанда, фитнес-клубтары; 2) спа-орталықтары; 3) моншалар,сауналар, бассейндер; 4) PlayStation клубтарын қоса алғанда, компьютерлік клубтар; 5) боулинг клубтары; 6) кинотеатрлар; 7) театрлар мен филармониялар; 8) стрит-фудтарды қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілері, банкет залдары; 9) асхана типіндегі қоғамдық тамақтану объектілерді; 10) облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар; 11) облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалдар; 12) бильярд клубтары; 13) концерт залдары; 14) караоке; 15) көрмелер; 16) марафондар; 17) көрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар; 18) әуежайлар; 19) лотерея клубтары және лотерея сататын өзге де орындар; 20) балалар ойын-сауық орталықтары (жабық); 21) отельдер, қонақ үйлер; 22) халыққа қызмет көрсету орталықтары; 23) теміржол вокзалдары және автовокзалдар; 24) базарлар (жабық), сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері; 25) сауда желілері (сауда алаңы 6000 ш.м. асатын азық-түлік, сауда алаңы 1000 ш.. асатын азық-түлік емес); 26) балаларды сауықтыру ұйымдары (қызметкерлер (персонал)үшін); 27) букмекерлік кеңселер; 28) сұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар, маникюр мен педикюр қызметтерін көрсету, косметикалық және косметологиялық қызметтер көрсету салондары; 29) меншіктің барлық нысанындағы және ведомствалық тиістіліктегі білім беру ұйымдары(педагогтер, персонал, ата-аналар (заңды өкілдер), 18 және одан жоғары жастағы білім алушылардың келушілері үшін); 30) спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтар; 31) білім беру ұйымдарында білім алушылардың тұруына арналған жатақханалар(педагогтер, персонал, ата-аналар (заңды өкілдер), келушілер, білім алушылар үшін); 32) діни объектілер; 33) түнгі клубтар; 34) банктер, «Қазпошта» АҚ бөлімшелері. 2. Аудандар мен Петропавл қаласының әкімдері, меншіктің барлық нысанындағы ұйымдардың/кәсіпорындардың басшылары: 1) «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер үшін жұмыс және демалыс күндеріндегі уақыт бойынша жұмыс режимі белгіленбейді; 2) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес өлшемшарттар негізінде «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеуді қамтиды. 3) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер үшін эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес мынадай өңірлерде орналасқан келушілерде бейтарап («көк») немесе қауіпсіз («жасыл») мәртебе болған жағдайда: - «жасыл» (эпидемиологиялық тәуекелі төмен) және «сары» (эпидемиологиялық тәуекелі орташа) аймақтарда – қызметі шектеусіз; - «қызыл» аймақта (эпидемиологиялық тәуекелі жоғары)– объектілерді толтыру бойынша шектеулермен. Қызметті шектеусіз жүзеге асыру үшін эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес «қызыл» аймақта орналасқан өңірлерде «Ashyq» жобасына қатысушылар қызметкерлер мен келушілерде қауіпсіз («жасыл») мәртебе бойынша талаптарды ерікті түрде енгізе алады. 4) жобаға қатысушылардың арасында бұзушылықтардың алдын алуды; 5) QR-кодты сканерлеу бойынша талаптарды сақтамайтын объектілерді (аутсайдерлерді) «Ashyq» жобасынан шығаруды қамтамасыз етсін. 3. «Ashyq» жобасының қатысушыларына: 1) «Ashyq» жобасын енгізу туралы «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 18 ақпандағы № 10 қаулысының талаптарын сақтауды қамтамасыз етсін; 2) өңір «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа немесе «сары» аймақтан «жасыл» аймаққа ауысқан кезде осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес талаптарды сақтау жалғастырылсын. 3) осы қаулының талаптарының сақталуын қамтамасыз етсін. 4. «Солтүстік Қазақстан облысының аумағында «Ashyq» жобасын енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 28 қаңтардағы № 3 қаулысының күші жойылды деп саналсын. 5. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 6. Осы қаулы қол қойған күнінен бастап күшіне енеді.
Солтүстік Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 24 ақпандағы № 5 қаулысына 1-қосымша
«Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшемшарттары *
«+» - қызметіне рұқсат етілген; «✔ » - қызметіне ішінара рұқсат етілген (шектеулермен); * - объектілерге келушілерде бейтарап («көк») немесе қауіпсіз («жасыл») мәртебе болған жағдайда кіру; ** - тұрғын үй ғимараттарының үй-жайларында және тұрғын үй құрылысы аумақтарында шу көтерілетін объектілердің қызметі сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, ойын-сауық мекемелерінде-жұмыс күндері сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, демалыс және мереке күндері сағат 23-тен таңғы 10-ға дейін шектеледі («Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 113-бабының 7 және 8-тармақтарына сәйкес).
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |