COVID-19 коронавирустық инфекция кезеңінде қашықтықтан білім беру технологияларына оқу процесін көшіру кезінде білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі қосымша шаралар туралы
ҚР Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 22 мамырдағы № 138 бұйрығымен күші жойылды
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жариялаған COVID-19 коронавирустық инфекция пандемиясы (бұдан әрі - пандемия) кезеңінде қашықтықтан білім технологияларына оқу процесін көшіру кезінде білім беру сапасын қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 12 наурыздағы № 20 қаулысының негізінде, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның 2020 жылғы 16 наурыздағы № 1 және 2020 жылғы 17 наурыздағы № 2 хаттамаларын орындау үшін БҰЙЫРАМЫН: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті және оның аумақтық департаменттері пандемия кезеңінде: 1) рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша берілгенге дейін жүргізілетін өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігіне рұқсаттық бақылау жүргізуді тоқтатсын; 2) білім басқармаларынан және білім беру ұйымдарынан қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру жөніндегі есептілікті не ақпаратты талап етуге тыйым салсын; 3) заңнамада көзделмеген есептілік пен ақпаратты талап ету бөлігінде «Педагог мәртебесі туралы» Заңның талаптарын бұзатын, сондай-ақ педагогтердің өзге де құқықтары мен заңды мүдделерін бұзатын білім беруді басқару органдарының, білім беру ұйымдарының басшыларына қатысты заңнамада көзделген барлық шараларды қолдансын. 2. Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының білім басқармалары (келісім бойынша), аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдері (келісім бойынша): Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|