Ақтөбе облысының әкімдігінің 2016.19.02. № 66 Қаулысымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 136 қаулысымен бекітілген
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2020 жылғы 3 наурыздағы № 81 Қаулысымен күші жойылды
«Суармалы егістікті суарылмайтын алқап түрлеріне ауыстыруға рұқсат беру» (2016.10.10. берілген өзгерістермен)
1. «Суармалы егістікті суарылмайтын алқап түрлеріне ауыстыруға рұқсат беру» (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) мемлекеттік көрсетілетін қызметін «Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру: көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы; www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. Ақтөбе облысының әкімдігінің 2016.10.10. № 431 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3. Суармалы егiстiктi суарылмайтын алқап түрлерiне ауыстыруға рұқсат беру туралы көрсетілетін қызметті берушінің қаулысы (бұдан әрі - рұқсат беру) немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 «Жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11050 тіркелген бұйрығымен бекітілген «Суармалы егiстiктi суарылмайтын алқап түрлерiне ауыстыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 9-1-тармағында көзделген жағдайларда және негіздерде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап мемлекеттiк көрсетілетін қызмет нәтижесі болып табылады. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру нысаны: электрондық.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|