«Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 739 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін тіркеудің мемлекеттік тізілімінде № 12590 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 31 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында (бұдан әрі - Қағидалар): 13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «13. Тапсырыс берушілер Заңның 5-бабының 4-тармағына сәйкес айына бір реттен асырмай мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді. Осы тармақтың бірінші бөлігінің талабы мынадай: 1) мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған; 2) бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша, оның ішінде камералдық бақылаудың нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар, хабарламалар орындалған; 3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті бюджетті нақтылау (түзетілген) кезінде мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылған жағдайларға қолданылмайды.»; 29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 29. Ұйымдастырушы баға ұсыныстарын ұсыну мерзiмi аяқталғанға дейiн бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алу туралы мынадай: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|