Әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықтарды және әкімшілік актілердің үлгілерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының 2025 жылғы 19 мамырдағы № 57-НҚ бұйрығы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 28 ақпандағы № 111 қаулысымен бекітілген Әкімшілік органдардың әкімшілік рәсімдердің біркелкілігін қалыптастыру жөніндегі қызметін жүзеге асыру қағидаларына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 қазандағы № 644 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті (бұдан әрі - Комитет) ережесінің 19-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Мыналар: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Комитеттің және оның аумақтық бөлімшелерінің (көліктегі) әкімшілік рәсімдерінің тізбесі; 2) осы бұйрыққа 2-32-қосымшаларға сәйкес Комитеттің және оның аумақтық бөлімшелерінің (көліктегі) әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулық; 3) осы бұйрыққа 33-39-қосымшаларға сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне әкімшілік актілер мен жауаптардың үлгілері бекітілсін. 2. Комитеттің құрылымдық және аумақтық бөлімшелері: 1) Комитеттің және оның аумақтық бөлімшелерінің (көліктегі) әкімшілік рәсімдердің диагностикасы мен мониторингін тұрақты негізде жүргізуін; 2) әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты тоқсан сайын өзектендіруді; 3) Комитеттің құқықтық қамтамасыз ету басқармасына әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулыққа енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпаратты есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күніне тоқсан сайын ұсынуды; 4) тұрақты негізде әкімшілік практиканың біркелкілігін сақтауды қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|