«Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғынжай беру және оны пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 97 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғынжай беру және оны пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 97 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20438 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғынжай беру және оны пайдалану қағидаларында: 8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «8. Спорт түрінен аккредиттелген ұлттық спорт федерациясы (бұдан әрі - федерация) Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындар біткен күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) федерацияның мөрімен расталған Дүниежүзілік допингке қарсы ұйымның, Халықаралық Олимпиада комитетінің, Халықаралық паралимпиада комитетінің, Саңыраулардың халықаралық спорт комитетінің және халықаралық федерацияның жарыс хаттамасын немесе ресми шешімін береді. 9. Уәкілетті орган Дүниежүзілік допингке қарсы ұйымның, Халықаралық Олимпиада комитетінің, Халықаралық паралимпиада комитетінің, Саңыраулардың халықаралық спорт комитетінің және халықаралық федерацияның жарыс хаттамасын немесе ресми шешімін 3 (үш) жұмыс күні ішінде ЖАО-ға электронды түрде жібереді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|