Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы 14 маусымдағы № 116 Қаулысымен күші жойылды Жамбыл облысы әкімдігінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 253 қаулысымен бекітілген
«Су объектілерін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Су объектілерін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде беру» мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы «Су қорын пайдалануды реттеу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» №19-1/422 бұйрығымен бекітілген «Су объектілерін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде беру» (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылғы 24 шілдеде №11765 болып тіркелген) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес (бұдан әрі - Стандарт) «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Жамбыл облысының аудан әкімдіктері және Тараз қаласының әкімдігі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - су объектілерін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға беру туралы шешім және (немесе) конкурс қорытындылары туралы конкурстық комиссия хаттамасы негізінде қағаз түрінде «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Жамбыл облысының аудан әкімдіктері және Тараз қаласының әкімдігі мен конкурс жеңімпазы арасындағы су объектілерін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға беру туралы келісім-шарт немесе мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының 9-1-тармағында көзделген негіздер бойынша бас тарту туралы дәлелді жауап. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|