Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2022 жылға арналған операциялық жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің аппарат басшысының 2022 жылғы 18 ақпандағы № 53 бұйрығы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 63-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2022 жылға арналған операциялық жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) ведомстволарының, құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшылары: 1) Жоспарда көзделген іс-шаралардың уақытылы орындалуын қамтамасыз етсін; 2) тоқсан сайын өз құзыреті шегінде мониторинг жүргізсін және есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-на дейін Жоспардың орындалуы туралы ақпаратты Министрліктің Стратегиялық жоспарлау және үйлестіру департаментіне ұсынсын. 3. Жоспардың орындалуы туралы ақпарат пен есепті әзірлеу барысында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 3 ақпандағы № 7 бұйрығымен бекітілген Операциялық жоспарды әзірлеу, іске асыру, мониторинг жүргізу және іске асырылуын бақылау қағидалары басшылыққа алынсын. 4. Министрліктің Стратегиялық жоспарлау және үйлестіру департаменті: 1) тоқсан сайын мониторинг жүргізсін және есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-не дейін Жоспардың іске асырылуы туралы есепті Министрліктің аппарат басшысына ұсынсын; 2) осы бұйрықты Министрліктің интернет-ресурсында орналастырсын. 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 6. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Білім және ғылым министрлігінің аппарат басшысының 2022 жылғы 18 ақпандағы № 53 бұйрығымен бекітілді
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2022 жылға арналған операциялық жоспары
1 бөлім. Мемлекеттік органның іс-шаралары
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|