Инфекциялық аурулар бойынша емделіп шығу жағдайына нақты шығыстар туралы деректерді жинаудың кейбір мәселелері туралы
Инфекциялық аурулар бойынша емделіп шығу жағдайына нақты шығыстар туралы деректерді жинау мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Облыстар, Астана, Алматы қалалары Денсаулық сақтау басқармаларының басшылары (келісім бойынша) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес тізім бойынша денсаулық сақтау ұйымдарында инфекциялық аурулар бойынша емделіп шығу жағдайына нақты шығыстар туралы деректер жинауды (бұдан әрі - деректер жинау) қамтамасыз етсін. 2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес деректерді жинау бойынша 2018 жылға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) бекітілсін. 3. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес құрамда клиникалық-шығындық топтардың анықтамалықтарына ұсыныстарды әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы (бұдан әрі - Жұмыс тобы) құрылсын. 4. Жұмыс тобы 2018 жылғы 16 қазанға дейін клиникалық-шығындық топтардың анықтамалықтарына ұсыныстарды әзірлеп, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің МӘМС үйлестіру департаментіне (бұдан әрі - МӘМС үйлестіру департаменті) енгізсін. 5. МӘМС үйлестіру департаменті, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны деректерді жинауға әдістемелік, ақпараттық және консультациялық сүйемелдеуді жүзеге асырсын. 6. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны деректер жинауға ақпараттық-техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз етсін. 7. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 8. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|