ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттауды өткізу туралы (2017.05.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Президентінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 681 Жарлығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 63-бабы 1-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қоса беріліп отырған «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттауды өткізу қағидалары бекітілсін. 2. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттау 2017 жылғы 1 шілдеге дейін өткізілсін. 3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп: 1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттауды; 2) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттауды өткізу тәртібі мәселелері бойынша түсіндіру жұмысын жүргізуді қамтамасыз етсін. 4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін. 5. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Астана, Ақорда, 2016 жылғы желтоқсанның 30-ы.
№ 404
Президентінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 404 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттауды өткізу
1. Жалпы ережелер
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|