|
«Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы (2025.27.06. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 2-тармағына, 37-бабы 8-тармағына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 18-бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Занына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» № 590 қаулысына сәйкес Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - ММ) Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін. 2. Павлодар қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 24 қаңтардағы «Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мәселелері туралы» № 61/1 қаулысының күші жойылсын. 3. «Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С. А. Гладышеваға жүктелсін. 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Павлодар облысы Павлодар қаласы әкімдігінің 2023.07.11. № 1438/2 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда (2023 ж. 10 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Павлодар қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 19 сәуірдегі № 550/2 қаулысына қосымша
«Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|