Осы редакция 2019 жылғы 30 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 375 бұйрығына 4-қосымша
Халықаралық мектеп қызметінің үлгілік (2019.17.05. берілген өзгерістермен)
1. Осы халықаралық мектеп қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі - Үлгілік қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленген. 2. Осы Үлгілік қағидалар халықаралық мәртебесі берілген халықаралық мектептерге таратылады. 3. Халықаралық мектеп - Халықаралық Бакалавриат ұйымында авторландырудан немесе халықаралық институционалдық аккредиттеуден өткен өз бетінше әзірленген кіріктірілген білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы. 4. Халықаралық мектептер қызметінің негізгі мақсаты - қазіргі қоғамдағы өзгерістерге оңай бейімделе алатын және оның дамуына сындарлы үлес қоса алатын тұлғаның интеллектуалдық, физикалық және әлеуметтік дамуына ықпал ететін үйлесімді және перспективті білім беруді қамтамасыз ету. 5. Халықаралық мектеп білім беру процесінде қазақстандық мектептердің және халықаралық мектептік білім берудің үздік педагогикалық тәжірибесін қолдану арқылы аталған мақсаттарға қол жеткізуді, білім беру бағдарламаларын жоғары ғылыми-әдістемелік жарақтандыруды, педагогикалық ұжымның тұрақты кәсіби дамуын қамтамасыз етеді. 6. Халықаралық мектептердің қызметі мынадай қағидаттарда құрылады: 1) мектептің білім беру бағдарламасын интернационалдандыру - білім беру процесінің оқушы бойында өз халқының мәдениетіне деген құрмет сезімін, мәдениетаралық түсінік пен толеранттылықты қалыптастыруға бағытталуы; 2) интеграция - мектептің халықаралық білім беру қоғамдастығында толық құқылы мүше болуы, мектеп бітірушілерге халықаралық үлгідегі мектепті аяқтағандығы туралы құжат алу мүмкіндігін беру, халықаралық деңгейдегі педагогті қалыптастыру; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|