ҚР Қаржы министрінің м.а. 2020 жылғы 10 шілдедегі № 665 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Қаржы министрінің 2016.20.01 № 21 бұйрығымен регламент жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 4 маусымдағы № 348 бұйрығына 17-қосымша
«Қазақстан Республикасының резинденттігін растау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (2016.18.02. берілген өзгерістермен)
ҚР Қаржы министрінің 2016.18.02. № 71 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. «Қазақстан Республикасының резинденттігін растау» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 284 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының резинденттігін растау» Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 11273 тіркелген) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстары, Астана және Алматы қалалары бойынша аумақтық органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі немесе «Салық төлеушінің кабинеті» веб-қосымшасы (бұдан әрі - СТК) арқылы; 2) коммерциялық емес акционерлік қоғамы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы; 3) «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: 1) уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша резиденттігін растайтын құжатты беру; 2) Стандарттың 10-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздемелер бойынша көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауабы болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|