Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 5 мамырдағы № 249 қаулысымен мақұлданған
Жоба
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропалық экономикалық комиссиясы арасындағы Қазақстанда Халықаралық суды бағалау орталығын орналастыру туралы өзара түсіністік жөніндегі меморандум
1. Кіріспе
Қазақстан Республикасының Үкіметі және Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропалық экономикалық комиссиясы (бұдан әрі - БҰҰ ЕЭК) (бұдан әрі - Тараптар) Шекарааралық су арналары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану туралы конвенцияның (бұдан әрі - Конвенция) БҰҰ ЕЭК-нің Атқарушы хатшысы Конвенция Хатшылығының функцияларын атқарады деп көрсетілген 19-бабына сілтеме жасай отырып; Конвенция Тараптары Кеңесінің өзінің екінші сессиясында (Гаага, Нидерланд, 2000 жылғы 23-25 наурыз) Халықаралық суды бағалау орталығын (бұдан әрі - ХСБО) құру туралы шешім қабылдағанына сілтеме жасай отырып; Қазақстанның 2017 жылдан бастап ХСБО-ны орналастыру туралы ұсынысына және Конвенция Тараптары Кеңесінің осы ұсынысты өзінің жетінші сессиясында (Будапешт, Мажарстан, 2015 жылғы 17-19 қараша) мақұлдағанына сілтеме жасай отырып; Конвенция Тараптары Кеңесінің Қазақстан мен Конвенция Төралқасына ХСБО-ның Қызмет аясын және Жұмыс бағдарламасын қоса алғанда, оған қатысты болашақ уағдаластықтарды анықтауда Конвенция Хатшылығының қолдауымен тығыз ынтымақтасу және бұл туралы Су ресурстарын кешенді басқару жөніндегі жұмыс тобы мен Тараптар Кеңесіне олардың келесі кеңестерінің барысында баяндау туралы тапсырмасын назарға ала отырып; 2016 жылғы 1 наурыздан бастап Конвенцияның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше барлық мемлекеттер үшін ашық болуына және Қазақстанның БҰҰ ЕЭК-ге мүше болып табылмайтын көрші елдерге қатысты атқара алатын ерекше рөліне сілтеме жасай отырып; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|