|
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің жаһандық және өңірлік ауқымдағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 2 мамырдағы № 174-НҚ бұйрығы
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 15) тармақшасына және «Жаһандық және өңірлік ауқымдардағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 486 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің жаһандық және өңірлік ауқымдағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспары бекітілсін. 2. «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамының (келісім бойынша), «Хабар» акционерлік қоғамының (келісім бойынша), басқарма төрағалары, «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (келісім бойынша), «Талдау және ақпарат орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (келісім бойынша) директорлары төтенше жағдайларды жою жөніндегі тиісті іс-қимыл жоспарларын әзірлесін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзімде қалдырамын. 4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. 5. «Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жаһандық және өңірлік ауқымдағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 24 қыркүйектегі № 360 бұйрығы жойылсын.
Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 2 мамырдағы № 174-НҚ бұйрығымен бекітілген
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|