«Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелері қызметкерлерінің лауазымдары үшін біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2013 жылғы 28 тамыздағы № 90 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабының 3-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. «Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелері қызметкерлерінің лауазымдары үшін біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2013 жылғы 28 тамыздағы № 90 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №8780 тіркелген, 2013 жылғы 7 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және «Егемен Қазақстан» газетінде №309 (27583) 2013 жылғы 6 қарашада жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: Жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелері қызметкерлерінің лауазымдары үшін біліктілік талаптарында: 5-тармақ мынадай мазмұндағы редакцияда жазылсын: «5. Кәсіби даярлығы жоғары, өзіндік білімі немесе белгілі бір мамандықтар бойынша үлкен жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, осы біліктілік талаптарында белгіленген қажетті жұмыс өтілін, ғылыми дәрежесін, сыныптық шенін, арнайы (әскери) атағын ескерместен, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорымен келісім бойынша Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелеріне (бұдан әрі - прокуратура органдары) қызметке тағайындалуы мүмкін.» 6-тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацы мынадай мазмұндағы редакцияда жазылсын: «білімі - нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары;»; 6-тармақтың 2) тармақшасының екінші абзацы мынадай мазмұндағы редакцияда жазылсын: «білімі - нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары;»; 6-тармақтың 3) тармақшасының екінші абзацы мынадай мазмұндағы редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|