|
|
|
29.04.2025 Мемлекеттік тілдің болашағы
Қазақ тілі — Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Бұл мәртебе ел Конституциясында нақты айқындалғанымен, қоғам өмірінің барлық саласында толыққанды орныға қойған жоқ. Сондықтан мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру — бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Мемлекеттік тіл — ұлттың болмысы мен тәуелсіздігінің нышаны. Тіл арқылы халықтың тарихы, мәдениеті, дүниетанымы мен рухани құндылықтары ұрпақтан ұрпаққа беріледі. Сондықтан қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту — елдігіміздің берік негізі саналады. Қазіргі таңда қазақ тілі білім беру, мемлекеттік басқару мен бұқаралық ақпарат құралдарында қолданылып келеді. Алайда, әлі де болса, орыс тіліне артықшылық берілетін жағдайлар кездеседі. Бұл мемлекеттік тіл мәртебесіне кері әсер етеді. Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру үшін ең алдымен оны қоғамда қажеттілікке айналдыру қажет. Ол үшін қазақ тіліндегі сапалы білім, ғылым, медиа контентін дамыту, жастар арасында тілді насихаттау маңызды. Сонымен қатар, мемлекеттік органдар мен мекемелердің қазақ тілінде іс жүргізу сапасын арттыру — өзекті мәселе. мемлекеттік тіл тек ұлттың емес, мемлекеттің де айнасы. Оның мәртебесін көтеру — әрбір қазақстандықтың борышы. Қазақ тілі қоғамның барлық саласында еркін, толыққанды қолданылғанда ғана ол нағыз мемлекеттік тіл деңгейіне көтеріледі.
Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының бас маман- сот отырысының хатшысы А.Б. Сабетова
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |