Қостанай облысының ауыз сумен жабдықтау көздерiнiң санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Су кодексінің 39, 117-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Қостанай облысының ауыз сумен жабдықтау көздерiнiң санитарлық қорғау аймақтары белгіленсін. 2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Қостанай облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын. 3. «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте: 1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Келісілді «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Қостанай облысының Санитариялық- эпидемиологиялық бақылау департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Келісілді «Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Тобыл- Торғай бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі
2022 жылғы 28 сәуірдегі № 181 қаулысына 1-қосымша
Қостанай облысының ауыз сумен жабдықтау көздерiнiң санитарлық қорғау аймақтары
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|