«Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы» мен «Алматы қаласы Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемелерін қайта ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы (2021.04.11. берілген толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Бекітілсін: 1) Осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес «Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже; 2) осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес өткізу актісі. 2. Осы қаулының 3 қосымшасына сәйкес Алматы қаласы әкімдігінің кейбір қаулылары жойылсын. 3. «Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мекеме) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте: 1) Мекемені Алматы қаласының әділет органдарында тіркеуді; 2) осы қаулыны интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары А. Мәдиевке жүктелсін.
2019 жылғы 4 ақпандағы № 1/90 қаулысына 1 қосымша
«Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. «Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Алматы қаласының аумағында кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму, агроөнеркәсіптік кешен және ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|