Осы редакция 2016 жылғы 22 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016.15.04. № 121 Қаулысымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 шілдедегі № 193 қаулысымен бекітілген
«Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (2016.15.04. берілген өзгерістермен)
1. «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Х. Чурин көшесі, 116 үй мекенжайы бойынша орналасқан «Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің «Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 352 бұйрығымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - стандарт) негізінде көрсетіледі. Өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырады. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: қағаз түрінде. 3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі - грантты беру туралы шарт болып табылады. 4. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде. 5. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|