Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне экологиялық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауаптылықты күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қабылданды - ҚР 2023 жылғы 3 қаңтардағы № 187-VІІ Заңын қараңыз
ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 970 Қаулысымен ҚР Заңының жобасы ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілді
1-бап. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) 368-баптың екінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – отыз, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.»; 2) 370-бапта: бірінші бөліктің екінші абзацындағы «екі» деген сөз «бес» деген сөзбен ауыстырылсын; екінші бөліктің екінші абзацындағы «үш» деген сөз «жеті» деген сөзбен ауыстырылсын; үшінші бөліктің екінші абзацындағы «үш» деген сөз «жеті» деген сөзбен ауыстырылсын; төртінші бөліктің екінші абзацындағы «жиырма» деген сөз «отыз» деген сөзбен ауыстырылсын; 3) 372-баптың төртінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жетпіс, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жеті жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.»; 4) 380-баптың екінші абзацындағы «екі» деген сөз «бес» деген сөзбен ауыстырылсын; 5) мынадай мазмұндағы 380-1-баппен толықтырылсын: «380-1-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режимін бұзу Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|