|
Өздерінің бақылау функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат пен құжаттарды сақтанушының, сақтандырушының, агенттің және қоғамның ұсыну нысаны мен мерзімдерін белгілеу туралы
Алматы облысы әкімдігінің 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 301 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 1-тармағына және «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-1-тармағы 5) тармақшасына сәйкес Алматы облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Берілетін ақпарат пен құжаттың мынадай нысандары белгіленсін: 1) сақтанушы үшін осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес; 2) сақтандырушы және өзара сақтандыру қоғамы үшін осы қаулының 2, 5, 6-қосымшаларына сәйкес; 3) агент үшін осы қаулының 3, 4, 5, 6 қосымшаларына сәйкес. 2. Ақпарат пен құжатты: 1) сақтанушының - осы қаулының 1-қосымшасы бойынша аудандық (қалалық) ауыл шаруашылығы бөлімінің атына сақтандырушымен немесе өзара сақтандыру қоғамымен міндетті сақтандыру шартын жасасқаннан кейін бір айдың ішінде; 2) сақтандырушының және өзара сақтандыру қоғамы - осы қаулының 2, 5, 6-қосымшалары бойынша агентке және 3, 5, 6-қосымшалары бойынша аудандық (қалалық) ауыл шаруашылығы бөліміне апта сайын; 3) агентпен - апта сайын «Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне осы қаулының 3, 4, 5, 6-қосымшалары бойынша, аудандық (қалалық) ауыл шаруашылығы бөліміне осы қаулының 4, 5, 6-қосымшалары бойынша ұсынылатындығы белгіленсін. 3. «Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет - ресурста және облыс әкімдігінің интернет - ресурсында жариялау жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|