Қазақстан Республикасы Энерегтика министрінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 580 бұйрығына 39-қосымша
Жылу электр станцияларының бу турбиналарына экспресс-сынақтарды жүргізу жөніндегі әдістемелік нұсқаулар (2025.16.03. берілген өзгерістермен)
ҚР Энергетика министрінің 2025.27.02. № 103-н/қ бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 16 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1. Осы Жылу электр станцияларының бу турбиналарына экспресс-сынақтарды жүргізу жөніндегі әдістемелік нұсқаулар (бұдан әрі - Әдістемелік нұсқаулар) «Жылу энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 323) тармақшасына сәйкес әзірленді және жылу электр станцияларының бу турбиналарына экспресс-сынақтар жүргізу тәртібін белгілеуге арналған. 2. Осы Әдістемелік нұсқауларда мынадай негізгі ұғымдар мен анықтамалар қолданылады: 1) қоректік су - бу алу үшін бастапқы материал ретінде бу қазандықтарына берілетін су; 2) орын алған жылудың ауытқуы - турбина алдындағы және кейінгі бу параметрлерімен айқындалатын будың жылу ауытқуы; 3) буды қайталамалық алу - бу турбиналы қондырғының үнемділігін арттыратын, регенерациялық жылытқыштарға турбинадан будың реттелмей алынуы; 4) турогенератқа жылудың толық (жалпы) шығысы - электр энергиясын шығаруға жұмсалатын және турбиналар іріктемелерінен алынған жылу шығыстарының сомасы. Осы Әдістемелік нұсқауларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес қолданылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|