«Емделу үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 15 ақпандағы № ҚР ДСМ-18 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Емделу үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 15 ақпандағы № ҚР ДСМ-18 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22226 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 60-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Емделу үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларында: 1, 2, 3, 4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Емделу үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі - Кодекс) 7-бабының 60-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Әлеуметтік Кодексінің (бұдан әрі - Әлеуметтік Кодекс) 220-бабына сәйкес әзірленді және емделу үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылады: 1) алушы - осы Қағидаларда көзделген тәртіппен өзінің біржолғы зейнетақы төлемдерін және (немесе) жұбайының (зайыбының) және (немесе) жақын туыстарының біржолғы зейнетақы төлемдерін емделуге пайдаланатын жеке тұлға; 2) бейінді маман - жоғары медициналық білімі, денсаулық сақтау саласында сертификаты бар медицина қызметкері; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|